Компьютерлік желідегі администрлеу үрдісінің тиімділігі

Желілік технологиялар

Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез-келген компьютерді жер щарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратан Дүниежүзілік Торап. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды торап деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCP/ІP хаттама ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет торабы көмегімен әлектрондық почта арқылы хабар алып, басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

TCP/ІP – Интернет торабына қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтердібір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

ІP (Іnternet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін торапаралық хаттама.

TCP(Transmіsson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол тораптағы ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.

Интернет торабын пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.

Интернет (кіші әріппен жазылса) — TCP/ІP хаттамалары негізінде желіаралық байланысу технологиясы.

1965 жылы Массачусет технологиялық институтындағы компьютер Калифорнияның телефон байланысына қосылды. Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET желісі оқу орындарын, әскерлер мен әскери мәдігерлерді біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілердің ақпарат алмасуына көмек ретінде, сондай-ақ ядролық шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасалған.

ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашықтағы компьютерге программа енгізуге мүмкіндік берді. Ұзамай бұған файлдарды, әлектронды почтаны және жөнелту тізімін беру мүмкіндіктері қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысып жүрген зерттеушілердің ақпарат алмасуларына мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET-тің өсуіне орай және басқа желілерде дамып, оларды бір-бірімен жалғастыру қажеттігі туындады. Осылай бір-бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді.

1971-1972 жылдары ARPANET желілеріне арналған бірыңғай хаттамалармен жұмыс аяқталды. Бұл хаттама Network Control Program (NCP) деген атауға ие болды.

Қазіргі кезде Интернетте байланыстың барлық белгілі желілері қолданылады: төмен жылдамдықтағы телефондардан жоғары жылдамдықты спутниктік арналарға дейін. Аппараттық және бағдарламалық құралдар да әр түрлі. Компьютерлер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен, ӘЕМ және бағдарламалық қамтамасыз ету түрінен тәуелсіз болу үшін, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған. Олар деректерді белгілі бір өлшемді блоктарға бөлшектеу принципі бойынша жұмыс істейді – пакеттер ретімен адресатқа жөнелтеді.

Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елдің қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасалған ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET оқу орындарын, әскерлер мен әскери мердігерлерді біріктіретін желі.Интернетте ТСР/ІР пайдаланылады. Бұл әріптер Transmission Control Protocol/ Internet Protocol (Беру басқармасының хаттамасы/желіаралық хаттама) дегенді білдіреді. ІР желідегі адрестеуге жауап береді, ал ТСР хабарларды тиісті адрестер бойынша жеткізуді қамтамасыз етеді, олар 1974 жылы жасалған. Байланыстың талшықтық-оптикалық және спутниктік тізбектерімен біріктірілген ең өнімді компьютерлердің бірнешеуі Интернеттің тірек желісін құрайды. Тірек желісінде суперкомпьютерлер жұмыс істейді, олар әдетте аса ірі университеттік немесе ғылыми орталықтарда орналасқан, көбісі АҚШ территориясында. Тірек желісі тізбектердің өнімділігі секундына бірнеше Гбит-қа жетеді. Ұлттық желілерге кәсіпорындар мен провайдерлердің жергілікті желілері қосылады. Тізбектің типіне байланысты олардың өнімділігі ондаған Мбит/с-қа дейін барады. Кейін бұл жергілікті желілердің компьютерлеріне жеке пайдаланушылар қосыла алады.

І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.

ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.

ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды. Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды. 90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.

ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды.

Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы әлектрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды.

Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісімарқылы ортақ пайдалануға арналаған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын — кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді). Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

1990 жылдан бері интернет өз көлемін жыл сайын екі есе арттырып отыр. Қазіргі кезде желлер коммерциялық негізде жұмыс істейді, бірақ оны халықаралық ISOC (Internet Society) қоғамдық ұйымы бақылайды. Интернет құрамына кіретін әр түрлі компьютерлердің бір – бірімен үйлесімді түрде байланысып, өзара мәлімет алмасуы ТСР/ІР хаттамалары көмегімен жүргізіледі. (Интернеттің шығу тарихын айту қажет)

Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен әлектрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, әлектрондық хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.

Интернеттен басқада ауқымды желілер бар:

  • Fidonet — әксперименталь желі, қолданушы – әнтузиасттар құрған;
  • Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate Network)

Интернетте жақсы жұмыс істеу үшін, оның құрылысын білу онша қажет болмайды. Бірақ интернет жұмысы және пайдаланылатын терминдер туралы біршама білу керек. Бұл жағдай интернетті тезірек меңгеруге көмектеседі. Әрбір тұтынушы компьютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез-келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.

Ақпараттық сервер дегеніміз — қалың көпшілікке арналған, әрбір тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз, жарнамалар, т.б. мәліметтер сақталады.

Торапқа қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын адрес (ІP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT) байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.

Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте адресті кім тағайындайды, компьютерлар арасындағы байланыс қалай қамтамасыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам — Интернет провайдері деген ұйым, мекеме бар. Мысалы, Алматыда Интернет порвайдері болып қызмет атқаратын Интерент трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communіcatіons, Parasang, Қазақтелеком, Астел Арна Спринт т.б. мекемелер жұмыс істейді.

Іnternet-те қызмет көрсету провайдері – ІSP (Іnternet Servіce Provіder), Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

Интернетке қосылу үшін не істеу керек?

Айтылып кеткендей интернетке қосылу үшін өзіңіздің қалаңызда немесе аймақтарыңызда жұмыс істейтін провайдерлердің біреуімен келісімге отыру керек. Келісімге отырып провайдер қойған бағамен ақшасын төлегеннен кейін, сіз өзіңізге керекті деректі аласыз: қолданушының аты, пароль, телефон номері, файл – сценарияй және т.б. Сонымен қатар провайдер торабына қосылудың инструкциясын аласыз. Осыдан кейін барып модемді қойып, оның жұмысының параметрін баптайсыз. Егер де сізде модем болмаса оны сатып алу үшін провайдердің мамандарынан кеңес алуыңыз керек. Сіз провайдерде бар модемді пайдалансаңыз жақсы сапа ала аласыз. Мысалы, егер де провайдерде ІДС типіндегі модем тұрса, сізге де сол типтегі модемді алуға кеңес береді. Модемді орнатқаннан кейін міндетті түрде интернеттің шеттетілген қатынауына бағдарламаның орнатылғанын тексеру керек. Қажетті жағдайда провайдерден алған деректерге сәйкестендіріп баптап орнату керек. Осыдан кейін интернеттің жұмысына керекті желілік ТСР/ІР хаттамасының компьютерде орнатылғанын тексеру қажет. Орнатылмаған жағдайда орнату керек. Келесі кезеңде шеттетілген қатынауды жаңадан біріктіріп, провайдерталаптарына сәйкестіріп баптау керек. Барлық баптау орындалып біткеннен кейін қажет номерді теріп шеттетілген қатынау сервері арқылы жаңа бірігуді тексеру керек. Сіз провайдерге қосылудың оңай жұмыс екеніне көңіліңіз жеткеннен кейін, сіз жұмыс істегенде қолданатын WWW, FTP бағдарламасын почтамен, телеконференциямен және басқа да сервиятермен бірге орнатуыңыз қажет.

Провайдер дегеніміз не?

Бір айта кететін жағдай телефон арнасы мен интернет арнасы әртүрлі арналар. Интернет арналарымен кабельдік, спутникалық және т.б. жоғарғы жылдамдықтағы байланысты әртүрлі фирмалар жасай алады. Мұндай фирмалар төлемдерге қарай отырып, интернетке қатынауды қалаған адамдарына бере алады. Мұндай кез келген фирма интернет көмегін жеткізуші немесе провайдер деп аталады.

Провайдер – ағылшын тілінен алынған, жеткізуші деген мағына береді. Біздің қаламызда немесе аймағымызда қандай провайдер жұмыс істейтінін прессалардағы жарнамалардан білуге болады. провайдер таңдауда, оның қызметін сипаттайтын мынадай мәліметтерге сүйенуге болады:

  • Қостырудың бағасы, төлем ақысы ай сайын немесе сағатына, айлық абонент төлемінің көлемі немесе интернеттегі бір сағаттық жұмыстың бағасы.
  • Басқа арналарға қосатын өткізуші тәсілі, бірінші кезекте шетел провайдерлерімен, әлемдік қорларға қатынауды қамтамасыз етеді. Арнаға жүктеудің деңгейі. Өткізу тәсілі жоғары болса, жүктеу деңгейі төмен болады да, байланыс сапалы шығады.
  • Провайдердің шеттетілген қосылудың серверіне қостыратын телефон желісінің ТАС сапасы.
  • Провайдер модемдерінің жүктемелерінің өлшемі немесе шеттетілген қосылу серверінің модеміне жедел түрде байланыс жасау жолы.
  • Қостыру кезіндегі әртүрлі уақыттағы жеңілдік тарифтерінің болуы.
  • Қолданушыларға техникалық көмектің деңгейі, консультация алу, білім беруді ұйымдастыру және т.б.

URL – интернеттегі қорлардың ақпараттық тікелей көрсеткіші.

Біз жоғарыда интернетке қосылған әрбір компьютерде белгілі бір символдарға сай келетін (домендік есім) немесе ұсынылған немесе цифр комбинациясы (ІР-адресі), сияқты өзінің бірден-бір адресі бар. Бірақ та бұл ақпарат жеткіліксіз, компьютерде нақты құжат табу үшін, белгілі каталогта файл күйінде сақталған болатын. Бізде белгілі, керекті файлға кіру үшін оған қарай сілтеу керек.

Барлық жазылып қойылған әлементтер (хаттама, кіруге болатын тәсілді жүйелеп баяндаушы, компьютер адресі, файлға жол және оның есімі). URL делінген әрбірақпаратталған қордың өте сирек мекен жайында жинақталған: (Unіversal Resource Locator — қордың универсалды көрсеткіші). URL – жай адрес немесе қордың адресі деп те атайды. Ең бастысы бұл адрестің қалай дұрыс жазылуын білу қажет. URL — ң толық барлық жинақталған әлементтері мынадай:

Хаттамалар://сервердің адресі / жол / файл – аты

Хаттама (немесе кірудің амалы) – бұл адрестің бірінші бөлігі басқа да оның бөліктерінен қос нүкте және көлбеген сызықша арқылы бөлімі көрсетіледі (://). Енудің әдісі былай беріледі, мысалы, http, ftp, telnet, news.

Сервердің адресі – бұл мәліметтерді орналастыратын компьютердің домендік есімі.

Жол – бұл керекті файлдыңсақталған каталогтардың есімдерінің жүйелілігі. Каталогтар есімі көлбеген сызықпен бөлінеді (/).

Файл аты – бұл біз іздейтін файлдың (құжат) соңғы аты. Бұнда белгілі бір кеңею бар. Сонымен, Web — беттерінің есімінде html-ң ұлғаюы бар, яғни файлдар есімдері, pdf- ң көбеюінде — ғылыми баспалар. Ал gіf — ң jped (график), wou, au (дыбыс), avі (видео) да құжаттардың мультимедиясының есімдері сақталған.

Алдағы кезде біз енді ІР – сандық адрес немесе домендік аттарды пайдаланбаймыз, бұл жағдайда URL – ды пайдаланамыз.

Жақын арада URL — ң көмегімен адрес жіберген қорларға принтер қосылады. ІРР-ң (Іnternet Prіntіng Protocol 1.0) – интернет арқылы мөрлеу үшін хаттаманың алғашқы хабары жеткілікті болды. Оны әлемнің кез келген нүктесінен мөр процесімен басқаруға және өз құжатын принтерге тікеле салып жіберуіне пайдаланушыға мүмкіндік береді. Сондықтан интернет принтерді факсқа – тағы бір дәстүрлі құрылыстың, байланыстың альтернативасына айналдырды.

Нидерландиядағы Вагенингендік ауылшаруашылық университетінің коллоидтік химиялық және физикалық лабораториялық адресін URL-ң әртүрлі құрылымына мысал келтіруге болады (Laboratory for Physіcal Chemіstry and colloіd Scіence at the wagenіngen Adrіcultural Unіversіty).

Университеттің адресі – http:/www.wau. nl, ал лабораториялық өзінің адресі — http://www.fenk.wau.nl. осы адреске яғни fenk – тұрған жерге голландтық тілдегі лаборатория атынан шыққан бұл аббревиатураға еніп барып лабораторияның ноте раде – ден өтесіз, бұның аудармасы үйлік бет (кіріспе, негізгі, басқы). (Мұндай беттердің ішкі түрі және құрылымы туралы белгіні ұйымдармен фактикалы таныстыру төменде беріледі). Өз вертуальдық саяхатыңды Web – торабы арқылы мемлекеттік мекеме, ұлы компьютерлік фирма, немесе кішірек университеттік лаборатория болса да кез келген ұйымдардың үйлік беттермен нақты бастаған қолайлы. Мұндай саяхат барысында сіз гиперсілтеме арқылы бі құжаттан екінші бір құжатқа көше аласыз, және де олардың әрбірінде URL – ы бар. Ары қарай сіз каталогтан құжат және домендік адрес іздеп жатпай-ақ URL – ді пайдаланасыз.

Лаборатория туралы жалпы ақпаратты мынадай адрестен ала аласыз:

(whatwe – деген what are we дегеннің қысқартылғаны), ал мұнда жүргізілген зерттеулер туралы ақпарат мынадай адресте:

Бұл жерде кім жұмыс атқаратынын білу үшін міндетті түрде адресті енгізу керек:

Көріп отырғандай, соңғы адрес жеке қызметкерлердің Web – беттерінде көрсетілген, каталогты нұсқап, html — ң өрістеуімен аяқталмаған.

Барлық түгенделген адрес html – дан басталды. Бұл дегеніміз мәліметтердің Web – серверінде орналасқан. Бұдан басқа лабораторияда өзінің Gopher және FTP — серверлері адресімен бірге бар:

Сонымен бірге телеконференцияға (newsgroup):

Назар аударатын нәрсе, бұл жерде URL — ң стандартты форматынан (Use net newsgroup) осы соңғы адрестің форматынан өзгеше көрінеді.

URL – да үнемі кезігетін нәрсе ол басқарғыш бойынша 2 бөлімнен тұратын, каталог пен файлдың есімдері нұсқалмаған сервердің адресі және хаттама еді (мысалы, http://www.wau.nl/). Демек мұндай адрес арқылы өзіңе керекті Web – бетін табуға болады екен. Егер URL – да файл есімі анық көрсетілмесе яғни жасырылған болса файлдың үйлік беттерімен толтырылады.

Күнделікті анық аты бар welcome. html, іndex.html немесе home.html.

Жақын арада интернетте ең кең тараған сервистер деп есептелген әлектронды почтаның адресі және URL – дің стантартынан өзгеше көрінеді. Әлектронды почтаның адресі символдарға бөлінген @ 2 бөлімнен құралады. Символдың оң жағында абоненттің почталы бөлімі орналасқан компьютердің домендік аты көрсетілген, ал сол жағында абоненттің шартты аты жайғастырылады. Әдетте мұндай ат және фамилиядан алынған символдар комбинациясы атқарады.

Осылай, Вагенингендік ауылшаруашылық университетінің химиялық коллоидті және физикалық лабораториясынан профессор Карл Цельтер өз адресін kzelt @ fenk.wau.nl сияқты анықтауы тіпті ықтимал (мүмкін).

Іnternet-тің қызмет баптары

Іnternet-тің қызмет баптары – WWW (World Wіde Web) деп аталатын дүниежүзілік тармақталған өрмек, яғни торап, оны WWW немесе Web деп те айта береді. Әлектрондық почта (E-maіl), Іnternet News (Usenet) – Интернеттік жаңалықтар жүйесі, FTP, Copher, Іnternet Talk Radіo, Іnternet Relay Chart (ІRC), Telnet т.б. Бұлардың ішіндегі ең жиі қолданылатындары – алғашқы үшеуі.

Іnternet торабы — өзара байланыс арналары мен біріктірілген ірі тораптар жиынтығы. Әрбір торап UNІX операциялық жүйесімен жұмыс істейтін бір немесе бірнеше компьютер сервері.

Компьютерлік желідегі администрлеу үрдісінің тиімділігі

Алыстатылған бақылау мен клиентті басқарудың теориялық негізі.

Алыстатылған қол жетімділік жүйесі алыстатылған компьютердің қолданушыларына Инернетке немесе ұйымдардың желілеріне логикалық қосылуды құруға мүмкіндік береді.

Microsoft корпорациясының операциялық жүйесі клиенттік және серверлік қосымшаларды кірістіреді. Олар алыстатылған қол жетімдікке (Dial-Up) қосылу, виртуальді жекеменшік желілерге (Virtual Private Network, VPN) қосылуға мүмкіндік береді. Операциялық жүйелер алыстатылған қол жетімдік негізінде икемді және қауіпсіз шешімдерді құруға мімкіндік беретін функционалдық мімкіндіктердің кең көлемін қамтиды [2, 4].

Жоғарыда айтылғандар өңделген аспапты құралда және алыстатылған клиент бақылау дербес ішкі жүйеге қатысты төмендегілерді белгілеуге шарттандырады: күйге келтіру ішкі жүйесі, басқарудың ішкі жүйесі [1].

Күйге келтіру ішкі жүйесі дәл берілген тапсырмаларды орындау үшін жүйені күйге келтіруге арналған.

Басқарудың ішкі жүйесі мәліметтерді басқару үшін арналған, әртүрлі пән тапсырмаларына арналған, бірақ ғаламдық тапсырмаларды да орныдауға мүмкіндік береді. Осылай жүйенің администраторы күйге келтіру ішкі жүйесімен, сонымен қатар басқару ішкі жүйесін қолдануға міндетті [7].

Сервердің күйге келтіру терезесі 1 суретте көрсетілген.

Бағдарламаны қосқан кезде желі администраторы клиенттен сұранысты қабылдау үшін администратор қабылдайтын серверге оның адресі мен порт параметрлерін жіберу керек.

1 сурет – Сервер блогының сипаттамасы

Жалғауды орнату сервер жағынан 4 кезеңнен тұрады. Бұлардың ешқайсысын алып тастауға болмайды. Алдымен сокет құрылады және локальді адреске жалғанады [5]. Егер компьютерде әртүрлі IP-адрестері бар желілік интерфейсі болса, сіз жалғауды тек солардың біреуімен ғана қоса аласыз.

Порт номеріне қатысты сіз дәл номерді немесе 0 белгілей аласыз (бұл жағдайда жүйе өзі қолданылмай тұрған порт номерін таңдайды).

Келесі кезеңде жалғауға сұраныстар тізбегі құрылады. Бұл кезде сокет клиент жағынан сұраныстарды күту режиміне ауысады.

Клиенттен мәлімет алу үшін онымен алдын ала қосылу керек, «Қосылулы (қатысу) индентификаторы» айнымалы мәні тексеріледі, егер бұл мән нольге тең болмаса, тек сол жағдайда біз хабарламаны қабылдай аламыз. Клиенттен хабарлама қабылдау. Клиенттен қабылданылған кезкелген хабарлама req_buf кіру буферінде орналасқан. Хабарламаны қабылдап болған соң dip_Server_parseRequest функциясы қосылады. Бұл функцияның негізі қабылданған хабарламаны өңдеп және қарап шығу болып табылады. Сұраныстың өңделіп, қарастырылып болған соң жауаптың дайындалуы басталады. Клиентке хабарлама жіберу. Хабарламаны клиентке жіберу үшін жіберілетін хабарлама массивінде «Қосылулы (қатысу) индентификаторы» айнымалы мәнін тұрақты тексеріп отыратын, write_head функциясы қызмет атқарады. Егер берілген айнымалы нольге тең болмаса, онда write_head буферде орналасқан пакетті ans_buf клиентке желімен өткізіп жібереді [3].

Бағдарламалының жұмыс істеу сұлбасы (схемасы)

2-ші суретте есеп жіберу режиміндегі бағдарламаның жұмыс істеу сұлбасы берілген, бақылау режимінде 3-ші суретте көрсетілген, басқару режімінде 4-ші суретте көрсетілген.

Бағдарламалық блок клиент функционалдылықты іске асырады: сұранысты дайындап және жібереді, желі арқылы сервер блоктан жауап қабылдайды. Жауап алынғаннан кейін клиенттік бөлім қабылданған информацияны қолданушыға символдық түрде ұсынады.

Бағдарламаны іске қосарда қолданушы алыстатылған сервер бөлігінің адресі мен портын енгізу керек. Клиенттік бөліктегі қажетті параметрлерді енгізіп болған соң, қолданушы алыстатылған жұмыс станциясы туралы керекті ақпаратты алу мақсатымен хабарлама жібере алады. Бұл операциядан кейін серверлік бөліктен жіберілетін сұраныс 59

ұйымдастырылады. Жіберілген ақпаратты өңдегеннен кейін, сервер сұранысқа сәйкес келетін жүйе туралы ақпаратты қайтарады.

Компьютелік желілер өсуінің өспелі тенденциясы, олардың жұмыс істеу қабілетінде жиі істен шығуларға әкеліп соқтырады. Сондықтан локальді есептеуіш желілерді функционирлеу арқылы бар бақылау әдістерін жақсартып отыру қажет. Кезеңдегі ерекшелікте, желіні алғашында проектілеу кезінде аз мөлшер мен жүктеулер енгізілген. Осылардың бәрі қолданушыларға қажетті информацияға қажетті уақытта қол жеткізуге мүмкіндік бермеуге әкеліп соқтырады.

5 сурет – Сервер блок интерфейсі

Бұл жұмыстың негізгі нәтижелері төменде келтірілген:

  • Корпоративті желідегі ақпараттарды қорғау мен мониторинг сферасы қарастырылған:
  • -«Классикалық жүзеге асу» қатысты жұмыс станциясының сұраныс уақытын азайтатын, локальді желідегі моноторингтің көпағынды жүзеге асуы үшін алгоритм қарастырылған;
  • -Алдында қабылданған ақпаратты өңдеу үшін арналған шеткі немесе желілік құрылғыдан жауапты күту уақытын қолдануға мүмкіндік беретін, локальді желіде мониторинг жүргізуге оптималды жол берілген;
  • Корпоративті желілердегі ақп араттарды қорғау және мониторингін шығаруға арналған қосымшалар өңделген:
  • -Белгілі объектің анализі мен бағалауларын мысалға ала отырып қосымшаның жұмысқа қабілеті мен эффектілігі көрсетілген [6].

ЛКЖ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі – локальді желінің ең негізгі функционалдық бөлігіне экспериментальді зертеулер жүргізілді. Эксперимент мақсаты – ұсынылған құрылғының жұмысқа қабілетін және эффектілігін көрсеті және экспериментальді зерттеулер объекттің іске асыруға арналған ұсынуларды өңдеу.

Баяндамада алынған ЛКЖ оптимизация моделін, қорғау жүйесі мен мониторингтері үшін әдістер мен алгоримтмдерін қолдану, жұмысстанцияларындағы мониторингте жұмысты тездетуге және желі туралы жүйенің мәліметтерін дәл жеткізу ықтималдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Корпоративті желі мониторингі үшін қабылданылған мәліметтер қосымшаны өңдеу негізіне жатқызылуы мүмкін.

Оцените статью
Fobosworld.ru
Добавить комментарий

Adblock
detector