Презентация сыныптан тыс жұмыс Интернеттің пайдасы мен зияны 9-10 сынып

Компьютердің пайдасы мен зияны

Тақырыпты таңдау;Ғылыми жоба жетекшісінен кеңес алу арқылы таңдалған тақырыпты талдау;Ғылыми жетекші ұсынған және автордың өз тарпынан таңдалған әдебиеттерді талдау;Эксперимент жасау;Ғылыми жобаны қорғау.

Зерттеу әдісі: мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізу арқылы,

оқушылардың компьютерге қаншалықты тәуелді екендігін

талдау және зерделеу, іс-тәжірибеде қолдану.

Зерттеу жаңалығы: Жылдан жылға Қазақстан жалпыға танымал ірі

аймақтық елге айналып келеді. Болашақта, бәсекеге

қабілетті білімді , дені сау құрдастарым,аға әпкелерім,

іні-қарындастарым өсуіне үлес қосу.

КіріспеНегізгі бөлім.Компьютер және оқушы.Компьютердің пайдасыКомпьютердің зияны.Компьютерде дұрыс отыру кеңесі.Қорытынды.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Менің ғылыми жобамның негізгі мақсаты – Компьютер оқушы өміріне қаншалықты керекті құрал болсада, соншалықты зиян екендігін ашып айту. Менің ғылыми жобам негізгі үш бөлімнен тұрады.

Кіріспе.Ол бір тараудан тұрады: «Компьютердің шығу тарихы» жайында. Екінші бөлімінде компьютердің пайдасы мен зияны жөнінде, ал үшінші бөлімінде оқушыларға кеңес.

Заман ағымына қарай бүгінде екі адамның бірінде ұялы телефон, ноутбук немесе планшет, үйде компьютер бары белгілі. Рас, оның ішінде не керектің бәрі бар. Мәселен: сағат, күнтізбе, есептеуіш, сурет пен видеоға түсіру, есте сақтау, қалаған өлеңді жазып алу, тыңдау және басқасы. Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз. Ең кішісі, керек адамыңызды да қаланы шарламай-ақ, осының көмегімен тауып аласыз.

Әрине, мұны шығарған адамдар оны әу баста ел игілігі, байланыстың тиімділігі үшін ойлап тапқан ғой. Ал біздің қазекемдер, жасыратыны жоқ, осынау алақанға сиып кететін нәрселерді есін білмейтін жас балаларға ойыншыққа беріп қояды. Ал оның іші-сыртында бала саулығына зиян келтіретін заттар да баршылық қой. Меніңше, мұны барша ата-ана ойлауы керек.

Көптің пікіріне сүйенсек, осы аталған құралдар неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы компьютермен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы компьютермен өткізеді. Мектеп оқушыларының біразы дерлік оны күндіз-түні пайдаланады: музыка тыңдайды, клип көреді, кейде сондағы әуенге елітіп, ұйқылы-ояу, маужырап отырады. Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне “хат” жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді. Бұл тірлік, өкінішке орай, үйге келген соң да қайталанады.

Бұл агентке компьютермен де, кішкентай телефоныңызбен де кіруге болады. Сиқыры күшті оған қосылған жан бір кірсе, шыға алмайды. Өйткені, агенттен дүние жүзінің барлық адамымен танысуға болады. Осы турасында танысымнан естігенімдей, бір сыныпта 26 оқушы болса, оның 12-сі сабақтың үстінде агентте отырады екен. Сондағы бар жазатындары – бір-бірімен танысу. Мұғалім 45 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріп әлек болып жатса, оқушы бала партаның астынан ұялы телефоны, планшет арқылы агентте отырады. Бірақ оны мұғалімдер көрмейді әрі сезбейді. Міне, көрдіңіз бе, біздің болашағымыз сол бір заттарға тәуелі болып бара жатқандай. Байғұс ата-ана бар жиған-тергенін баласының аузына тосып, одан қалса компьютерді, телефонды, ноутбукты немесе планшетті несиеге әпереді. Сонда бұл кімге пайда, кімге зиян? Біздіңше, баршылыққа салынып, жас баланы қымбат заттарға әуес етпеу керек. Біріншіден, ол баланың мінезін өзгертеді, екіншіден, сабақтан қалдырады, үшіншіден, менмендікке әкеледі.

Енді біз осы тақырыпты талдап көрейік. Бұл кейбір балаларға жаңалық болып көрінбеуі мүмкін, бірақ мұнда көптеген тың идеялар бар. Мен төменде келтірілетін тақырыптарды бұрындары жазылған газеттерде, интернет жүйесінен жинақтадым, сондай-ақ өзіміз қосқан үлесімізде жоқ емес.

Әрине белгілі болғандай қазіргі замандық ғылыми-техникалық революция микрокомпьютерлер мен дербес компьютердің пайда болуынан басталды. Олар барлық жерде қолданылады.Ғалымдар лабораториясында, мекемелерде, оқу орындарында, дүкендерде, әрбір үйде және т.б. Дербес компьютер адамзатқа телевизор және теледидар сияқты өте қажет.Компьютердің көмегімен бірнеше минуттың ішінде керекті мәліметті алуға, қиын чертежді немесе есеп-қисапты жасауға болады.Дербес компьютерлерді бірнеше миллион адамдардың еңбектерін жеңілдетті, шығармашылық емес жұмыстардан босатты. Олар адамға жұмыста да, үйде де компьютерлердің жарыққа шығуы, кітаптардың жарыққа шығуы сияқты үлкен мәнге ие болды.Компьютер , әрине, адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасына қоса зияны да бар. Ата-анасының сөзіне құлақ аспай, балалармен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын балалар қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Шетелдерде компьютерге жабысып, өмірін өткізгендердің арасында аштан өлген оқиғалар да кездесіпті. Баланың дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады. Күндіз-түні мониторға қадалып отыру көзді құртатыны, одан шыққан сәулелердің түрлі дерттерге ұрындыратыны бұл жәй сыртқы залалдары ғана. Ал, компьютердің адамға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліккен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға тұйық күн кешетін болады. Оған ата-ана, туған-туыс, бірге оқитын балалар дегеннің бірі де қажет емес. Оның монитордың ішіндегі өз әлемі бар, онда өзі би, өзі қожа, қалағанын жасап, емін-еркін өмір кешеді. Компьютер әлеміне терең еніп, адамдармен қарым-қатынас жасаудан қол үзіп бара жатқан пенделер қазір Батыс елдерінде көп кездеседі. Компьютерге кештеу көшкен елдерде бұндай жағдайлардың шет-жағасы енді ғана байқалып жүр. Ол, әсіресе, жастардың арасында жиі көрініс беріп жатады.

Ал, жұмысымызды жеңілдетіп, керекті мәліметтермен қамтамасыз еткен компьютер біздің ең басты байлығымыз, айналамыздағы жандармен қарым-қатынасымыздан қол үздіруде. Күн ұзағы жұмыстан шаршап келген ата-ана баласына мән бермей, бала ата-анаға қарауға шамасы келмейді. Осылайша, ата-анамен баланың ара-қатынасы алшақтап, әр пенде теледидар мен компьютерден, ұялы телефоннан өз қызығын тауып, оқшау тірлік кешуге көшкен түрі бар.1-сурет

2-сурет. Ежелгі ғалымдарының жазбаларында болашақта әрбір үйді өзінің еркіне бағындыратын жалғыз көзді құбыжықтың пайда болатындығы туралы мәтін бар. Ол жалғыз көзді құбыжықтың теледидар немесе компьютер екендігін қазір бәріміз көріп, біліп отырмыз. Компьютерді дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін компьютер керек емес-ау дейсің. Ендігі бір мәселе – компьютерге тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, сол көк жәжікті қызықтайтындар да кездеседі. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді. Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Компьютер ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Адамның бойындағы адами ізгі қасиеттерінен айырып, бір-бірінен алшақтатып бара жатқан жалғыз көзді құбыжықтың залалы қазір көріп, естіп жүргендерімізбен бітпесе керек. Яғни, ол біз ойлағаннан әлдеқайда ауыр зардаптарға ұшырататын сияқты.

Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.

Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Мұны барлығы біледі десек, артық айтқандық болмас.

Компьютердің алдында телміріп көп уақыт тапжылмай отырып, денеміздегі бұлшықеттерді қажытамыз, мойынымыз бен иығымыз талып кетеді және ең қауіптісі, омыртқамызға зиян болады.

Монитор қосулы тұрған кезде оның айналасында электростатикалық өріс пайда болады. Ол айналадағы шаң-тозаңдарды адамның қолдары мен бетіне қондырады. Ал ол денсаулық үшін пайдалы болмайды.

Компьютердің мониторы мен жүзіңіздің арақашықтығы кемінде 50 см болуы қажет.

4-сурет. Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз тіптен жақсы болады.

Презентация сыныптан тыс жұмыс «Интернеттің пайдасы мен зияны» 9-10 сынып

Слайд 1Интернеттің пайдасы мен зияны Дебат (пікір — талас) 9-10 сыныптар ШҚО.Тарбағатай ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп КММ Шорға ауылы
Слайд 2Ғаламтор — болашаққа бастайды, Келешекке білім қуған жастарды. Қадам басып ХХІ ғасырға, Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Слайд 3Ойын толқын, айналған қатты ағысқа Табылғандай танымда,жат дауыста. Біреу озып келеді қатарынан, Біреу қалып жатады асығыста. Ойын толқын жатқанда асып,тасып, Біреу ығып, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып. Көрермен жиналған бұл тамашаға, Құр қарап жай отыру жараса ма? Туыс, досқа,сыныптас, танысқа емес Соқ қолыңды білімді таланттарға! «Мұрагер» тобы «Ғаламтор» тобы
Слайд 4Пікірталас шарттары: 1. Екі топ өз ойларын ортаға салады, онда регламент 3 мин. 2. Сұрақ- жауап кезеңі. 3. Спикерлердің қорытындысы. 4.Сарапшылардың қорытынды сөзі.
Слайд 5«Ғаламтор» тобы Ғаламтор — болашаққа бастайды, Келешекке білім қуған жастарды. Қадам басып ХХІ ғасырға, Барлық әлем жаңалығын тастайды .
Слайд 6Пікірталас шарттары: 1. Екі топ өз ойларын ортаға салады, онда регламент 3 мин.
Слайд 7Пікірталас шарттары: 2. Сұрақ- жауап кезеңі
Слайд 8Пікірталас шарттары: 4.Сарапшылардың қорытынды сөзі.
Слайд 9Назарларыңызға рахмет!

Скачать

Полезно? Поделись с другими:

Просмотров: 864 Скачиваний: 645

Если Вы являетесь автором этой работы и хотите отредактировать, либо удалить ее с сайта — свяжитесь, пожалуйста, с нами.

Ғаламтордың пайдасы мен зияны

бірі — ақпараттық технологиялар
саласы қоғамның барлық
салаларына етене еніп,
компьютерлік сауаттылық өсуі
керектігін атап өтті.

Тақырыбы
«Ғаламтордың пайдасы
мен зияны»

Аманжолова Альбина
Сансызбайқызы
11.07.2001
5 «А» сынып оқушысы

Интернетке қосылу үшін әрине бізге
компьютер керек. Ал, әр күнін
компьютер алдында өткізу денсаулыққа
зиян екенін білесіздер ме? Ол адам
ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы
улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер
алдында ұзақ отырса адамның көзі,
жотасы ауырады және қимылқозғалысына, адам психологиясына да
әсер етеді.

Сезімдік, нерв жүйесі ауруларына
шалдығады.
Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен
бала, яғни интернет арқылы хат
алысып, сөйлесу-баланың
айналасындағы адамдармен бетпебет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу
мәдениетінен айырылады.
Компьютерден бөлінетін ультракүлгін сәулесі көзге кері әсер етеді.
Ал одан сорақысы- ұлттық, адами
қасиеттерге нұқсан келтіретін
материалдардың интернет бетінен
орын алуы.

Ғаламтордың пайдасы
Электронды оқулық арқылы оқушы
көптеген қосымша материал ала
алады, осы алған мәліметтерін
компьютерден көргендіктен есінде
жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс
жасау қабілеті
қалыптасады.Жастарды
ғаламтордың зиянынан сақтандыру
үшін кез келген ата-ана баласына оны
пайдаланудың шарттарын айтып
түсіндіруге, ондағы ақпараттардың
үнемі шындыққа жанаспайтынын,
оған сын көзімен қарау қажеттігін,
ол ақпараттарды кітаптағы,
энциклопедиядағы ресми газетжурналдардағы ақпараттармен
салыстырып, қабылдау керектігін
ескертуге тиіс

Компьютерлік сырқат белгілері
Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған
жасөспірімнің көздері шаршайды.
Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды.
Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі
баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына
(остеохондроз) әсер етеді.
Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі
тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.
Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте
сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі
байқалады.
Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.
Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі. Алаяқтар мен
хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық
байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі
қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады.

Ғылыми жұмыстың зерттелу әдісі
Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі
қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық
технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің
ажырамас бөлігі болып тұр. Кешегі Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауындағы алдыңғы бағыттарының бірі — ақпараттық
технологиялар саласы қоғамның барлық салаларына етене еніп,
компьютерлік сауаттылық 2012 жылы 60%-ға дейін өсуі
керектігін атап өтті. Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де
компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен
енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес,
компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі
ішінде қалыптастырады.

Жастарды ғаламтордың зиянынан сақтандыру үшін
кез келген ата-ана баласына оны пайдаланудың
шарттарын айтып түсіндіруге, ондағы
ақпараттардың үнемі шындыққа жанаспайтынын,
оған сын көзімен қарау қажеттігін, ол
ақпараттарды кітаптағы, энциклопедиядағы ресми
газет-журналдардағы ақпараттармен салыстырып,
қабылдау керектігін ескертуге тиіс. Және де
ғаламтордағы зорлық-зомбылыққа, қылмысқа,
жыныстық бұзылуға тәрбиелейтін
бағдарламалардан, діншілдік, нәсілшілдік туралы
ақпарттардан сақтандыру – ата-аналар мен
ұстаздардың да негізгі міндеттерінің бірі.

Қорытынды
ХХІ ғасырдың басы адамзаттың индустриялық эрадан
информациялық ерекшеленеді. Осыған байланысты
информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделекті істе
пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Қазіргі заман адамының денсаулығы тек сыртқы орта
әсерлеріне ғана тәуелді емес, оның өз дене тәрбиесіне деген
қатынасына да тығыз байланысты екені белгілі. Денсаулықты
сақтау мен жақсартудағы мектептің ролі жоғары екені ешқашан
да талас тудырмайды. Сондықтан да кіші жастан балалардың
ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында олардың
денсаулықтарына зиян келтірмеу, тиісті ережелерді сақтау басты
міндетіміз.

Қауіпсіздік ережесін сақтау

• 1. Компьютер алдында көп отыратын адам
арнайы жаттығуларды күнделікті жасап,
демалыс уақытын жүйелі орналастырмаса,
компьютерден алатын сәулеленудің әсері өте
жоғары болмақ. Сондықтан да компьютермен
жұмыс істейтін ересек адам әр сағат сайын, ал
жас жеткіншектер жарты сағат сайын 10-15
минуттай үзіліс жасап тұруы керек, және
күніне компьютер алдында 1 сағаттан артық
отырмағаны жөн.

Үнемі компьютер қосулы тұратын бөлменің
ақтаулы болғаны, еденіне линолеум төселгені
дұрыс. Оны сүрту де оңай. Компьютерлі бөлмелерге
балығы бар аквариум немесе су толы ыдыс
қойылып, кактус өсірілгені абзал. Өйткені су өзіне
негативті энергияны тартып алып, бөлмелерде
ылғалдылықты реттейді. Ал кактус болса,
электромагнитті өрістерді бойына сіңіреді. Үстелдің
пернетақтамен биіктігі 62-88 см, үстелдің
деңгейімен санағанда, еденнен санағанда экран
биіктігі 90-128 см; үстел мен экранның ара
қашықтығы 40-115 см. экран мен оператордың
көзінің ара қашықтығы 60-80 см болғаны дұрыс.


презентация Ғаламтордың оқушыларға пайдасы мен зияны

Нуржанова Ж. ж. Ғаламтордың оқушыларға пайдасы мен зияны // Международный каталог для учителей, учеников и преподавателей «Презентации» // URL: https://edupres.ru/prezentatsii-dlya-klassnyh-chasov/5-klass/file/19208-alamtordy-o-ushylar-a-pajdasy-men-ziyany (дата обращения: 16.04.2022)

Сертификат за публикацию

Авторскими правами на размещенную информацию обладают её авторы (создатели презентаций), которые также несут ответственность за её достоверность. Редакция сайта не отвечает за качество авторских продуктов. Все материалы доступны по лицензии Creative Commons.

Копирование материалов каталога с целью размещения на своём сайте разрешается только при наличии ссылки на каталог Презентации.

© 2015—2022 Все права защищены. Презентации
Разработка сайта — Griban

Оцените статью
Fobosworld.ru
Добавить комментарий

Adblock
detector