Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Абсолютті жиілік

Абсолюттік жиілік дегеніміз – белгілі бір деректердің немесе белгілі бір мәннің сынақ кезінде немесе сынақтар жиынтығында пайда болу уақытын сипаттайтын статистикалық термин. Шын мәнінде, абсолютті жиілік дегеніміз – бұл мәнді қанша рет байқайтынын қарапайым санау. Абсолюттік жиілік әдетте бүтін сан түрінде көрсетіледі және статистикалық талдаудың өте қарапайым деңгейі болып саналады.

Абсолютті жиілік көбінесе негізгі деректерді жинаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Мысалы, егер сіз 10 досыңыздан көк олардың сүйікті түсі екенін сұрасаңыз, үшеуі «иә», ал жетеуі «жоқ» десе, сізде абсолюттік жиілікті анықтауға жеткілікті ақпарат бар: «иә» абсолютті жиілігі үшке тең, ал «жоқ» – жетіге тең. Бақыланатын мәндер саны іріктеу көлеміне немесе сынақ көлеміне байланысты көбейеді. Мысалы, егер сіз 100 адамнан олардың сүйікті түсі көк түсті деп сұрасаңыз, абсолютті жиілік артуы мүмкін. Алайда берілген мәннің қанша рет пайда болатындығын қадағалауда ешқандай қосымша күрделілік жоқ.

Абсолютті жиілік кейбір деректерді визуализацияда қолданылады. Мысалы, сауалнамаға жауаптардың абсолютті жиілігі көбінесе белгілі бір сұрақ бойынша жауаптардың көпшілігінің оңай қорытылатын көрінісін қамтамасыз ету үшін графикте көрсетілетін болады.

Абсолюттік жиілікті тәжірибеде немесе зерттеуде жиі кездесетін мәліметтерді көрсету үшін пайдалануға болады, бірақ ол әдетте алғашқы статистикалық өлшеу ретінде қолданылмайды.

Негізгі өнімдер

  • Абсолюттік жиілік дегеніміз – зерттеу барысында белгілі бір жауаптың немесе шаманың қанша рет болатынын қарапайым санау.
  • Абсолютті жиілік – бұл статистикалық талдаудың негізгі формасы болғанымен, оны салыстырмалы жиілік сияқты жетілдірілген статистикалық талдау үшін кіріс ретінде пайдалануға болады.
  • Абсолюттік жиілік көбінесе график түрінде көрінеді, бұл көріністердің көпшілігінің кластері қай жерде болатындығын көрсетеді.
  • «Абсолютті жиілік» кейде «шикі санау» деп аталады, ал кейде жай «жиілік» деп аталады.

Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. Негізгі құрылғылары: Жүйелік қорап Монитор Пернетақта Тінтуір Қосымша құрылғылары: Принтер Сканер Дыбыс колонкалар Микрафон Стример Плоттер Модем Джойстик Желілік адаптер

Жүйелік блок Компьютердің негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан.

Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды: аналық (жүйелік) тақша; микропроцессор; оперативті жады; тұрғылықты диск; алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі; СD және DVD диск жетектері; бейнесызбалық бейімдеуіш; дыбыстауыш; желілік тақша; енгізу – шығару порттары.

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша — жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі- қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады Аналық тақша

Микропроцессор Микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады.Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады.Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды.Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) Немесе гегагерцпен (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.

Оперативті жады Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.

Тұрғылықты диск Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы. Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да, мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді.

Алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі 3,5 – дюймдік дискеттерді оқиды.Бұл дискілер ауыстырылатын тасымалдаушылар болып саналады.Олардың сыйымдылығы 1,44 Мб. Компьютерде алмалы дискілерге арналған диск жетегіне “А” әрпі белгіленеді.

СD және DVD диск жетектері Мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді. СD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын (CD-RW және DVD-RW) болып бөлінеді

Сызбалық бейімдеуіш Бейімдеуіштің кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар. “Тұрғылықты жері” бойынша бұл жады көпнесе Бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады. Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдылықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

Дыбыстық тақша Дыбыстауыш компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді.Дыбыстық тақша ұсынатын дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы бағдарламаларда талап етіледі.

Желілік тақша Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың бірнеше түрі бар. Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар, ең танымалылары – Ethernet және сымсыз желілер.

Енгізу шығару порттары Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі порттардың саны мен түріне тәуелді болады.

Монитор Монитор немесе дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды және түрлі-түсті болып, ал шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді.

Пернетақта Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді: Символдық пернелер Функциялық пернелер Нұсқаушы пернелер Цифрлық пернелер

Тінтуір “Тышқан тәрізді қол тетігі” пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы.

Компьютердің қосымша құрылғылары

1.Принтер Басу құрылғысы (принтер)-бұл кез-келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға негізделген құрылғы. Принтердің үш түрі болады: Матрицалық Лазерлік Сия бүріккіш.

2.Сканер Сканер-бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын құрылғы.

3.Дыбыс колонкалары Дыбыс колонкалары — дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.

4.Микрофон Микрофон- дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.

5.Джойстик Джойстик — компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік.

6.Стример Стример- мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы.

7.Плоттер Плоттер- сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы.

8.Модем Модем-бұл телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпараттарды алмасуға арналған құрылғы.

9.Желілік адаптер Желілік адаптер- компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.

Сұрақтар 1.Компьютер дегеніміз не? Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал 2.Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар? Жүйелік қорап, монитор, пернетақта, тінтуір 3.Тінтуір дегеніміз не? ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады тышқан тәрізді қол тетігі 4.Компьютердің қосымша құрылғыларын атаңдар? Принтер, дыбыс колонкалары, микрофон, модем, сканер, т.б. 5.Монитор дегеніміз не? Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы

Сәйкестігін тап 1.Аналық тақша 2.Микропроцессор 3.Оперативті жады 4.Тұрғылықты диск 5.Дыбыстық тақша

Macintosh

Macintosh (Мак) — АҚШ-тағы Apple
фирмасының дербес компьютерлері тобы. Бұл
топқа Power Macintosh, Macintosh AV, Quadra,
LC және т.б. компьютерлер жатады.
Ең алғашқы Мас 1984 жылы 24 қаңтарда
шығарылды. Қазіргі кезде Macintosh
компьютерлері келесі өнімдерді ұсынады:
бастапқы деңгейдегі МасВооk ноутбуктерін,
жоғарғы деігейлі MacBook Pro ноутбуктарын,
iMac интегрирленген дисплейімен
моноблокты үстел компьютерлері, жоғарғы
деңгейдегі Mac Pro жұмыс станциясы. Әрбір
компьютер ішінде әртүрлі конфигурациялар
болады. Macintosh бірінші компьютерлері
Motorola (68000, 68020) процессорлармен
базасын қолданып, одан кейін әлдеқайда
күшті IBM PowerPC процессорларын (
PowerMac моделді компьютерлерде
қолданылды), соңында Intel
процессорларымен жабдықталды.

Windows амалдық жүйесі және SCO
Unix, Solaris немесе DOS сияқты
коммерциялық АЖ басқа, Linux
(Линукс) амалдық жүйесі де бар.
Linux АЖ ашық жүйелер
стандарттарын қолдайды және
Unix,DOS, MS Windows жүйелеррлер
мен бірге қолданыла алады. Бастапқы
мәтіндермен қоса, жүйенің барлық
құрамдас бөліктері еркін көшіруге
және саны шектеусіз пайдаланушылар
үшін орнатып пайдалануға берілетін
рұқсатпен бірге таратылады.
Linux басқаруымен сан алуан, кәдімгі
дербес компьютерле мен
ноутбуктардан бастап, көп
процессорлы өнеркәсіп серверлері,
кластерлік есептеуіш кешендер, PDA
және IBM компаниясы шығаратын қол
сағаттарына дейінгі электронды
жүйелер жұмыс істейді. Linux –
қауіпсіз жүйе.

Компьютер алдында ұзақ отырудың зияны

Уақытымыздың басым бөлігін компьютер алдында өткізу күнделікті жайтқа айналды. Ұзақ уақыт бір орында қозғалмай отырудың зияны бар екенін біле тұра жұмыста да, үйде де компьютер алдында отыруға құмармыз. Осы орайда компьютер алдында ұзақ отырудың қандай зияны бар екенін назарыңызға ұсынуды жөн деп шештік.

Адам отыра салысымен, бұлшықеттердің жұмысы бәсеңдеп, калорияны жою жылдамдығы минутына 1 килокалорияға дейін төмендейді. Тапжылмастан 3 сағат отырғаннан кейін қан тамырлары кішірейіп, қан айналымы нашарлайды.

Егер 2 апта бойы күніне 6 сағаттан отырсаңыз, ағзадағы холестерин мөлшері артып, артық салмақ қосуыңызға себеп болады. Майды ыдырататын ферменттердің жұмысы нашарлай түседі. Адам қимылдағанда миды қанмен, оттегімен, көңіл күйге жауапты гормондармен қамтамасыз етеді, ал ұзақ уақыт қимылсыз отыру мидың жұмысын бәсеңдетеді.

Кеңсе қызметкерлері сағат сайын 5-10 минут үзіліс жасап, бой сергітуі қажет. Дәрігелер түскі ас алдында 30 минут таза ауада жүріп, жұмыс уақыты біткен соң да далада серуендеуге кеңес береді.

Көзге әсері

Экранның жыбырлауы, мәтінді жоғары-төмен айналдырғанда көздің бұлшықеттеріне салмақ түсіп, уақыт өткен сайын көру қабілеті нашарлай түседі. Сіз оны байқамауыңыз да мүмкін. Компьютер алдында жұмыс істегенде экранның жыпықтау жиілігі үш есе азайып, көзжас сұйықтығы қабықшасы кеуіп, көздің құрғауына әкеп соғады.

Көздің құрғауы – комтьютерде көп уақыт өткізетін адамдарда жиі кездесетін ауру түрі. Симптомы: тез шаршау, қатты жарыққа шыдамау, көзде қоқым бардай сезіну, көздің қызаруы және қышуы.

Қабықша құрғаса, көру қабілеті 0,5 диоптрийге түседі. Оның алдын алу үшін компьютер алдында 40 минуттан артық отырмай, көзге арнайы дәрі тамшыларын тамызу қажет.

Омыртқа жотасына әсері

Компьютер алдында ұзақ уақыт отырған кезде жотаға ғана салмақ түсіріп, басқа бұлшықеттерді қимылдатпаймыз. Осының салдарынан омыртқа жотасындағы зат алмасуы бұзылып, остеохондрозға әкеп соғады.

Остеохондроз – омыртқа дискілерінің бүлінуі. Ұзақ отырған сәтте омыртқа дискілеріне түсетін салмақ артып, жарықтың пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Білекке әсері

Клавиатура не тышқанмен жұмыс істегенде білек ауырсынуы мүмкін, ал саусақтар ұйып, ісінеді. Мұның бәрі ұзақ уақыт бірыңғай қимыл жасай бергеннен болады. Компьютерде жұмыс істегенде қолдың барлық бұлшықеті емес, тек санаулы бөлігі ғана іске қосылады. Соның салдарынан қан айналымының жұмысы бұзылып, білек каналы синдромының пайда болуына әкеп соғады.

Компьютер құрылғылары. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі. 8 сынып. Ашық сабақ

Тақырыбы: Компьютер құрылғылары. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі.

Білімділігі: компьютер құрылғылары бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.

Тәрбиелігі: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы, әрі тәртіпті ұстауды ескерту.

Дамытушылығы: Оқушыларға компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: слайд-шоу,электронды оқулық, компьютер.

Түрі: білім мен іскерлікті игеру.

Әдіс-тәсілдері: кубизм, топтық жұмыс

Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасын сұрау .

Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.

Аналық тақша дегеніміз не?

Жүйелі блок құрамын ата

Микропроцессордің қызметі қандай?

Ішкі жад дегеніміз не?

Сыртқы жад дегеніміз не?

Компьютердің негізгі компонентерінің өзара әрекеттесуі

Есептеуіш техникасының даму тарихы

1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.

Компьютердің енгізу құрылғыларына жатады?

Сканер (ізкескіш) – қағазға бетіндегі мәліметтерді (мәтін, сурет, график) оптикалық негізге сүйене отырып компь­ютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

Сканердің түрлері: планшетті, қолмен істейтін, барабанды, парақтық, форма сканерлері, штирх сканерлер.

Сканер көріністі машина кодына айыстырып, компьютер жадына жазады. Сканердің жұмыс атқару принципі былай: жарық сәуле жол-жолы бойынша жазық суретті сканерлейді. Бұл электрондық сәуленің дисплей экранын сканерленгені сияқты. Сканерлеу нәтижесінде қағаз құжаттың сызба бейнесі жасалады.

Мәліметтерді алмасу құрылғысы

Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіге қосуға мүмкіндік тудырады. Мұнда пайдаланушы басқа компьютердегі мәліметтерге қол жеткізе алады.

Модемдер (модулятор — демодулятор) компьютерлер арасында мәлімет алмасу үшін керек, олар негізінен мәліметті жеткізу жылдамдығына қарай бөлінеді. Қазіргі кезде олардың жылдамдығы 2400 бит/сек — 2500 бит/сек аралығында. Олар мәлімет алмасу процедурасының белгілі бір стандарттары (протоколы) бойынша жұмыс атқарады. Компьютер желісіне (Іnternet, Relcom, FіdoNet, т.б.) немесе электрондық почтаға байла­нысты ең керекті құрылғы осы модем болып саналады.

Бұлардан басқа факс-модемдер және мультимедиа бар, факс — модем­дер олар модем мен факсимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Факс — модемді пайдаланып, мәтіндік мәліметті тек өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс аппаратына да жіберуге және қабылдауға болады. Ал мультимедиа — информацияны бейне­леудің ең керекті түрі. Ол экранға мәліметтерді түрлі — түсті мәтін­дік, графикалық, дыбыстық мүмкіндіктерді біріктіре отырып шығарып, ЭЕМ-нің барлық жылжыту, сөйлету, музыка беру жақтарын толық пайдала­нады.

Енгізу – шығару порттары ішкі негізгі құрылғылармен байланыс жасайтын арнайы порттан және шеткері құрылғылармен (принтер, тышқан тетігі т.с.с) байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы порттар LPT1-LPT3 деп белгіленетін параллель және COM1-COM3 болып белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жұмысты жылдам істейді, бірақ байланысу үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді.(принтермен жалғасатын порт параллель, ал модеммен телефон желісі арқылы байланысатын порт тізбекті түрге жатады.)

Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру

Жады үлкен көлемді сандарды сақтай алатын физикалық құрылғы. Жады көлемі байттармен өлшене алады. Бір байтқа екілік код жазылады, бір әріппен немесе екі ондық цифрмен. Бір сан немесе нұсқау бір сөзді береді. Бір сөз сақталынатын жады элементіұяшық деп аталады. Жады ұяшықтары нөмірленеді. Компьютердің үшкі жадының әр байтының өз нөмірі болады. Ұяшық нөмірін оның адресі деп атайды.

Оцените статью
Fobosworld.ru
Добавить комментарий

Adblock
detector